Профилактикалық іс-шаралар барысында тәртіп сақшылары қаладағы дүкендердің алдында вейп өнімдерін сатып жүрген 2 ер адамды анықтады, деп жазады inbusiness.kz сайты.
Сонымен қатар полицейлер электронды тұтыну жүйелерін мессенджер арқылы сатуды ұйымдастырған Түркістан облысының тұрғынын да әшкереледі. Бұл мақсатта ер адам мессенджерде арнайы топ ашып, онда вейптерді жарнамалап, сатумен айналысқан.
Құқық бұзушылардан шамамен 100 электронды тұтыну жүйелері тәркіленді.
Қазіргі таңда аталған жайттар бойынша тергеу басталды.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу