Шымкентте жалған түбіртек көрсетіп, тегін ас ішкен ер адам сотталды

638

Ол екі күн ішінде 5-6 рет тамақтанған.

Шымкентте жалған түбіртек көрсетіп, тегін ас ішкен ер адам сотталды Фото: Polisia.kz

Жалған түбіртек көрсетіп, тегін ас ішкен шымкенттік сотталды, деп хабарлайды inbusiness.kz Polisia.kz-ке сілтеме жасап.

30 жастағы қала тұрғыны қоғамдық тамақтану орнында тегін ас ішіп, азық-түлікке ақша үнемдеуді шешкен. Кассирлерге төлем жасау кезінде ол электронды аударымның жалған түбіртектерін көрсетіп, екі күн ішінде 5-6 рет тегін тамақтанған.

Тұрақты келушіге алданғанын білген дәмхана қызметкерлері бұл туралы полицияға хабарлады.

Аталған жайт Қылмыстық кодекстің 190-бабы (Алаяқтық) бойынша тіркелді. Тұран АПБ-ның қызметкерлері мекеме камераларындағы бейнежазбаларды тексеріп, күдіктінің жеке басын анықтады. Оны іздеуге криминалдық полицияның жедел уәкілдері мен жергілікті полиция қызметінің инспекторлары жұмылдырылды.

Тәртіп сақшылары ықтимал куәгерлерден жауап алып, ер адамның қозғалыс бағытын нақтылады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу