Шымкентте жаңа теміржол вокзалы салынады

1202

Шымкентте жаңа теміржол вокзалы салынады

Шымкентте бекітілген дамудың бас жоспарына сәйкес, тәулігіне 20 мың жолаушы өткізетін жаңа айналма теміржол вокзалы салынады, деп хабарлайды ОҚО әкімінің баспасөз қызметі.

Заманауи үлгіде бой көтеретін қаладағы екінші теміржол желісінің техникалық құрылысының сипатын Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі Жансейіт Түймебаевқа "Байланыс жолдарын дамыту ғылыми-зерттеу институты" ЖШС-нің  директоры  Алтайбек Оразбеков таныстырды.

Шымкент қаласының бас жоспарына сай "Батыс Еуропа - Батыс Қытай" халықаралық көлік дәлізінің бойында салынуға тиіс вокзалдың жобасы аясында "Шымкент-2" жаңа теміржол вокзалы мен жүкті сұрыптау станциясы және үлкен автовокзал салынады деп жоспарлануда. Сонымен бірге жалпы алаңы 16 гектарды құрайтын жобада қонақ үй мен әкімшілік ғимарат, 1000 автокөлікке арналған тұрақ қарастырылған.

Жоба жетекшісі Шымкент қаласының 2020 жылы болатын ТМД елдерінің мәдени астанасы жылына орай, жобаны іске асырып, пайдалануға беру мүмкіндігін айтты.

Әкім тиісті ведомство басшыларына жобаны жүзеге асыру үшін жұмыс тобын құруды тапсырды.

Қазіргі таңда жоба республикалық мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобаларын жоспарлау алгоритміне сәйкес Қазақстан Республикасының уәкілетті мемлекеттік органдарымен жұмыс үйлестіру сатысында тұр.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу