Шымкентте жаппай төбелес ұйымдастырғандар ұсталды

105

Тұран шағын ауданындағы "Марокко" кафесінің маңында жаппай төбелес болды.  

Шымкентте жаппай төбелес ұйымдастырғандар ұсталды Фото: Видеодан скриншот

Қалалық полиция бұл жанжалға қатысты қылмыстық іс қозғалғанын мәлімдеді, деп жазады inbusiness.kz сайты.

16 тамызда болған төбелестің бейнежазбай әлеуметтік желіде енді тарап жатыр.

"Оқиға қатысушыларының барлығы анықталып, ұсталды. Істің барлық мән-жайын анықтауға бағытталған тергеу іс-шаралары жүргізіліп жатыр. Тергеу аяқталғаннан кейін қатысушылардың іс-әрекеттеріне құқықтық баға беріліп, процессуалдық шешім қабылданады", – деп хабарлады қалалық ПД.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу