Шымкентте жаппай төбелес: үш күдікті қамауға алынды

229

Кадрларда бір топ жастың жол бойында жанжал шығарып, соңы ашық қақтығысқа ұласқаны көрінеді.  

Шымкентте жаппай төбелес: үш күдікті қамауға алынды Фото: бейнежазбадан

Шымкент қаласында көшеде болған жаппай төбелес әлеуметтік желіде тараған бейнежазбадан кейін қоғам назарын аудартты, деп жазады inbusiness.kz сайты. 

Қалалық полиция департаментінің хабарлауынша, аталған дерек бойынша Қылмыстық кодекстің "Бұзақылық" бабы негізінде іс қозғалды.

– Оқиғаға қатысы бар азаматтардың барлығы жедел түрде анықталып, ұсталды. Жол үстінде басталған жанжал қоғамдық тәртіпті өрескел бұзумен аяқталды. Үш күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды, – деп мәлімдеді ведомство өкілдері.

Қазіргі уақытта тергеу амалдары жалғасып жатыр. Құқық қорғау органдары әрбір қатысушының әрекетіне құқықтық баға беріліп, заң талаптарына сәйкес шешім қабылданатынын атап өтті.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу