Шымкентте жасөспірім кішкентай қызға азғындық жасамақ болған

267

Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды. 

Шымкентте жасөспірім кішкентай қызға азғындық жасамақ болған Фото: ашық дереккөз

Шымкентте жасөспірім кәмелетке толмаған қызға азғындық жасамақ болған. Полиция күдіктіні ұстады, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Желіде көшедегі бейнебақылау камерасына түсіп қалған кадрлар тарады. Онда жасөспірімнің кішкентай қызды көтеріп, белгісіз бағытқа қарай апара жатқаны бейнеленген. Шымкент қаласы Полиция департаментінің баспасөз қызметі оқиғаға қатысты пікір білдірді.

"Кәмелетке толмаған қызға қатысты құқыққа қарсы әрекет жасауға оқталу жайты бойынша полициямен қылмыстық іс қозғалды. 1 ақпанда жасөспірімнің кәмелетке толмаған қызды ұстап алып, құқыққа қарсы әрекет жасамақ болғаны туралы арыз түсті. Полиция қызметкерлері оқиға орнына жедел жетті. Күдікті ізін суытпай ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Жасөспірімнің ата-анасы полицияға жеткізілді", – делінген хабарламада.

Камелетке толмаған қызбен психологтың қатысуымен әңгіме-сұхбат жүргізілген. Қазір оның өмірі мен денсаулығына қауіп төніп тұрған жоқ.

"Қажетті тергеу әрекеттері жүргізілуде. Тергеу нәтижесі бойынша тиісті процессуалдық шешім қабылданады", – деп хабарлады қалалық ПД баспасөз қызметі.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу