Шымкентте жасөспірім суға батып кетті

120

Қайғылы оқиға кеше, 12 тамыз күні сағат 14:50 шамасында Бадам өзенінде болды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Шымкентте жасөспірім суға батып кетті Фото: aikyn.kz

Шомылуға рұқсат етілмеген жерде суға түскен 2010 жылы туған жасөспірім батып кетті. Құтқарушылар оның денесін судан алып шықты. Оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр.

"Тек арнайы рұқсат етілген жағажайларда шомылыңыз. Мас күйде суға түспеңіз. Балаларды қараусыз қалдырмаңыз. Қатты ағысты, лайлы және тереңдігі белгісіз жерлерден аулақ болыңыз. Қауіпті ойындарға (су астына тарту, итеру, секіру) жол бермеңіз. Құтқару құралдарын қолданыңыз", – делінген Шымкент қаласы Төтенше жағдайлар қызметі таратқан ақпаратта. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу