Шымкентте жастарға жалдамалы пәтер кілті табысталды

1591

Көпқабатты тұрғын үйдегі жалға берілген пәтерлердің жалпы ауданы 1137 шаршы метрді құрайды.

Шымкентте жастарға жалдамалы пәтер кілті табысталды

Бүгін Шымкентте түрлі салада жұмыс істейтін жастарға пәтер кілті табысталды. Ақназар хан көшесіндегі көпқабатты тұрғын үйдегі жалдамалы пәтерлердің жалпы ауданы 1137 шаршы метрді құрайды, деп хабарлады қала әкімдігінің баспасөз қызметі.

Пәтер кілтін жастарға қала әкімі Ерлан Айтаханов салтанатты түрде табыстап, еліміздің болашағы жастардың өсіп, өркендеуі үшін мемлекет тарапынан көптеген қолдаулар көрсетіліп келетінін атап өтті.

"Бұл бағдарламаның ерекшілігі жастарға өзінің болашақтағы жеке меншік үйінің бастапқы жарнасын жинақтауға мол мүмкіндік беретіні. Яғни, жастарымыз пәтерден-пәтерге көшіп, ай сайынғы нарықтағы пәтерақының орнына 5-7 мың теңге көлеміндегі төлемақыны төлейді",– деді Ерлан Қуанышұлы.

Бұл жыл соңына дейін беру жоспарланған 904 пәтердің алғашқылары.
Алдағы екі жылда Шымқала жастары үшін 900 пәтерден бөлінетін болады. Осылайша бағдарлама аясында 2704 жас жалдамалы тұрғын үймен қамтамасыз етілмек. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу