Сонымен қатар мониторинг барысында тәрбиешілердің жетіспеушілігі анықталып, санитариялық-эпидемиологиялық және қауіпсіздік талаптарының бұзылғаны белгілі болды, деп жазады inbusiness.kz сайты.
Осыған байланысты балабақша иелері білім беру тапсырысын орындау құқығынан айырылды. Мамандардың айтуынша, саланы цифрландырудың арқасында мемлекеттік бақылау күшейтіліп, бюджет қаражатын басқару мүмкіндігі артқан.
Айта кетейік, қазір өңірде 84 мың бала мектепке дейінгі тәрбиемен қамтылса, 29 мыңнан астамы кезекте тұр.
"Мемлекеттік білім беру тапсырысын орындалуына мониторинг аясында 71 мемлекеттік, 212 жекеменшік мектепке дейінгі ұйымдар тексерілді. Яғни, зерделеу жұмыстары жүргізілді. Нәтижесінде талапқа сай келмейтін 9 ұйымның қызметі тоқтатылып, мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру құқығынан айрылды", – деді қалалық Білім басқармасының басшысы Қуаныш Ысқақов.