Шымкентте жер сілкінісі тіркелді

806

Жер асты дүмпулері Алматы уақыты бойынша сағат 19:02-де тіркелген.

Шымкентте жер сілкінісі тіркелді

Бүгін кешке Шымкентте жер сілкінісі тіркелді. Бұл туралы жергілікті ТЖД мәлім етті, деп хабарлайды inbusiness.kz.

ТЖД жедел ақпараты бойынша, жер сілкінісі 2-3 баллды құраған. Жер асты дүмпулері Алматы уақыты бойынша сағат 19:02-де тіркелген. Зардап шеккендер мен қираулар туралы мәлімет жоқ.

"6 қаңтарда сағат 19:02-де жер сілкінісі тіркелді, оның эпицентрі Алматыдан батысқа қарай 628 шақырым жерде, Қазақстан аумағында орналасқан. Жер сілкінісінің энергетикалық класы -11.7. MPV магнитудасы - 5.4", делінген хабарламада.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу