Қайғылы жағдай Абай ауданына қарасты Ынтымақ-2 шағынауданында болған.
Шымкент қаласы Төтенше жағдайлар департаментіне өрт оқиғасы туралы хабарлама түскен, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
Анықталғандай, сіріңке жағылып, соның әсірінен үй ішінде жиналған газ тұтанып, жарылыс болған.
"Оқиға орнына жеткенде өрт сөндірушілер келгенге дейін газ ауа қоспасының тарсылы болғаны анықталды. Соның салдарынан 3 адам күйік шалып, ауруханаға жеткізілді", – деді департамент өкілдері.
Алайда жарақат салдарынан 30 жастағы ер адам емханада көз жұмды.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу