Шымкентте жіп иіру фабрикасы ашылды

1743

ҚР премьер-министрі Асқар Мамин Түркістан өңіріне жұмыс сапарымен барды. 

Шымкентте жіп иіру фабрикасы ашылды

Шымкент қаласында Үкімет басшысы "Қазақстанның инвестициялық қоры" АҚ және "Alliance Textile" Өзбек жеңіл өнеркәсіп кәсіпорындары қауымдастығының бірлескен кәсіпорны – "Alliance" Сауда-өнеркәсіп палатасы" ЖШС жіп иіру фабрикасының ашылу рәсіміне қатысты, деп хабарлады премьер-министрдің баспасөз қызметі.

Жоба биыл маусым айында ҚР және ӨР үкіметтерінің арасында бірлескен тоқыма кластерін құру туралы қол жеткізілген келісімдер аясында іске асырылды. Тараптардың күш-жігерінің арқасында қысқа уақыт ішінде жөндеу-қалпына келтіру жұмыстары жүргізіліп, коммуналдық қызметтер тартылды, бұл көп жылдардан бері жұмысы тоқтап тұрған фабриканы іске қосуды қамтамасыз етті.

Кәсіпорында бірінші кезеңде 120 жаңа жұмыс орны құрылған. Мақта-талшықты өңдеу көлемі жылына 6 мың тоннаны құрайды. Жобаға өзбек тарапының инвестициялары шамамен 4,6 млрд теңге. 

Шымкент қаласының тоқыма кластерін қалпына келтіру жөніндегі Жол картасы аясында қосымша екі фабриканы іске қосу жоспарланған, бұл Қазақстанда өңделетін мақта көлемін 2 есеге арттыруды қамтамасыз етеді және 800 жаңа жұмыс орнын құрады. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу