Шымкентте жол үстіндегі жанжал адам өлімімен аяқталды

176

Ведомство мәліметінше, оқиға қала аумағында болған жол-көлік жанжалы кезінде тіркелген.  

Шымкентте жол үстіндегі жанжал адам өлімімен аяқталды Фото: Козачков телеграм арна

Шымкент қалалық полиция департаменті жол үстінде болған қақтығыс салдарынан 40 жастағы ер адамның қаза тапқанын растады, деп жазады inbusiness.kz сайты. 

Қақтығыс барысында ер адам ауыр жарақат алып, алған жарақаттарының салдарынан көз жұмған.

Әлеуметтік желілерде тараған бейнежазбада төбелес сәті анық көрінеді. Бақылау камерасына түскен кадрларда бірнеше адамның бір көлікті қоршап алып, оның ішіндегі жолаушыларға шабуыл жасағаны байқалады. Қазіргі таңда бұл жайттың әдейі ұйымдастырылғаны немесе кездейсоқ жанжал болғаны тергеу барысында анықталатын болады.

Алдын ала мәліметтерге сәйкес, қаза тапқан азамат бұрын ауыр қылмыс үшін сотталған болуы мүмкін. Алайда бұл ақпарат ресми түрде расталған жоқ.

Қазіргі уақытта аталған дерек бойынша қылмыстық іс қозғалып, тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Оқиғаның барлық мән-жайы анықталғаннан кейін құқық қорғау органдары қосымша ақпарат ұсынатын болады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу