Шымкентте жөндеу жұмыстарын жүргізіп жатқан ер адам терезеден құлап, мерт болды

154

Ол көпқабатты тұрғын үйлердің бірінде балконды қаптау жұмыстарын жүргізіп жүрген. 

Шымкентте жөндеу жұмыстарын жүргізіп жатқан ер адам терезеден құлап, мерт болды Фото: egemen.kz

Алдын ала ақпаратқа сәйкес, жөндеу жұмыстары барысында ол абайсызда құлап кеткен. Ауыр жарақатының салдарынан ер адам оқиға орнында көз жұмды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Полицияның мәліметінше, адам өліміне әкеп соққан еңбектi қорғау қағидаларын бұзу жайты бойынша қылмыстық іс қозғалды.

– Қазіргі таңда оқиғаның барлық мән-жайын анықтауға бағытталған кешенді тергеу әрекеттері жүргізіліп жатыр. Тергеу аяқталғаннан кейін іс бойынша заңнамаға сәйкес процессуалдық шешім қабылданады, – деп хабарлады қалалық Полиция департаменті.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу