Шымкентте жүргізуші куәлігін алу үшін практикалық емтихан тапсырып жүрген бойжеткен автодромда жол апатына ұшырады, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
Әлеуметтік желілерде тараған бейнежазбаға сәйкес, жол апаты Асар-2 шағынауданында, №4 арнайы ХҚО аумағында болған.
Шымкент қаласы бойынша "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясының филиалында оқиғаға қатысты ресми ақпарат кейінірек берілетінін мәлімдеді.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу