banner

Шымкентте жылан қаптап кетті

588

Бұл туралы ведомствоның баспасөз қызметі хабарлады.

Шымкентте жылан қаптап кетті Фото: SN.kz

Ақпаратқа сәйкес, мамыр айында тұрғындардан 9 рет өтініш түскен. 

“16 мамыр күні Самал-3 және Азат шағын аудандарында осындай жағдай орын алды.

Құтқару қызметінің 112 нөміріне сағат 12.52-де Самал-3 ауданы Мәңгілік ел көшесіндегі балабақшаның бірінен жылан табылғаны туралы хабарлама келіп түсті. Оқиға орнына 4 адамнан тұратын құтқарушылар тобы шығып, жыланды қауіпсіз аймаққа шығарды. Осыған ұқсас жағдай Азат шағын ауданы Ақбастау көшесіндегі тұрғын үйде болды. Сағат 15.25-те жылан табылғаны туралы хабарлама келген”, - делінген ақпаратта.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу