Шымкентте жылу 12%-ға қымбаттады

1141

Шымкентте жылу 12%-ға қымбаттады

Шымкент жылу баға Шымкентте жаңа жылдан бастап жылу тарифі 12%-ға қымбаттады, деп хабарлайды 24Хабар.

Қала тұрғындары бұған дейін үйдің әр шаршы метріне тұтынған жылуы үшін 109 теңгеден төлейтін. Қаңтардан бастап бұрынғыдан 14 теңге 14 тиын артық береді.

Мамандар бағаның өсуін өзге де коммуналдық қызмет ақысының көтерілуімен байланыстырып отыр. Оған қоса қаланы тұтастай жылумен қамтамасыз етіп отырған "3-Энергоорталық" қазандықтан шыққан жылу бағасын қымбаттатқан.

"Осының барлығы түптеп келгенде төлемақының көтерілуіне себеп", - дейді қуат жылу орталығының мамандары.

"Бізде барлық коммуналдық қызметтер, оның ішінде газымыз 10,8%-ға қымбаттады. Су 30%-ға қымбаттады. "3-Энергоорталықтан" сатып алып жатқан жылуымыздың өзі 10,7%-ға қымбаттады", – деп атап өтті "Қуат жылу орталығы-3" МКМ басшысының орынбасары Қайрат Досжанов.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу