Қаратау ауданында құны 69 млрд теңгені құрайтын заманауи жылыжай кешенінің құрылысы басталды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
Жаңа кешен көкөністер, бақша өнімдері, тамыржемістер мен түйнектер өсіруге арналған және жалпы аумағы 144 гектар. Қазіргі уақытта нысанда инженерлік коммуникацияларды тарту жұмыстары жүргізілуде.
Толық іске қосылғанда кешенде жыл сайын 36 мың тоннаға дейін көкөніс өнімдері өндірілетін болады.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу