Шымкенттегі білім беру мекемесі баскетбол добын 232 мың теңгеге сатып алмақ болған

447

 Ал волейбол добын 42 мың теңгеге сатып алуды жоспарлаған.

Шымкенттегі білім беру мекемесі баскетбол добын 232 мың теңгеге сатып алмақ болған Фото: sports.ru

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Шымкент қаласы бойынша департаменті 2,2 млн теңгеден астам бюджет қаражатын тиімсіз пайдаланудың алдын алды, деп хабарлайды inbusiness.kz.

Қалалық білім басқармасына қарасты "№90 дарынды балаларға арналған мамандандырылған мектеп-гимназиясы" КММ мемлекеттік сатып алу жоспарында 2,7 млн теңгеге 20 доп алуды бекіткен. Мемлекеттік мекеме баскетбол добын 232 мың теңгеге, ал волейбол добын 42 мың теңгеге сатып алуды жоспарлаған. "Тауардың әрбір бірлігі 2-ден 10 есеге дейін асыра бағаланып есептелген.

Департамент мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушының атына жоспардың тармағын қайта қарау туралы ұсынысхат жолдады. Нәтижесінде 2,2 млн теңгеден астам қаржы үнемделді", - деп жазды Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Шымкент қаласы бойынша департаментінің басшысы Дәурен Ерғарин Facebook-тегі жеке парақшасында.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу