Шымкенттегі дендросаябақ маңында жасөспірімді пышақтап кетті

131

Оқиғаға қатысты қылмыстық іс қозғалды.

Шымкенттегі дендросаябақ маңында жасөспірімді пышақтап кетті Фото: istockphoto.com

Шымкенттегі дендросаябақта жылжымалы дәмхана (фудтрак) маңында болған жанжал кезінде жасөспірім пышақталып, ауруханаға жеткізілді, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Оқиға 17 тамыз күні кешкі уақытта қалалық дендросаябақтың кіреберісінде болған.

Шымкент қаласы полиция департаменті аталған деректі растады. Ведомство мәліметінше, дене жарақатын салу фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалған.

– Оқиғаға қатысушылар анықталды. Жарақаттанған жасөспірім ауруханаға жеткізілді. Қазір болған жағдайдың барлық мән-жайы, жанжалдың себептері анықталып жатыр, – деп хабарлады полиция.

Сонымен қатар кәмелетке толмағандардың заңды өкілдерін жауапкершілікке тарту мәселесі қаралып жатыр.

– Кәмелетке толмағандарды тәрбиелеу және олардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі міндеттерін тиісінше орындамағаны үшін заңды өкілдерін жауапкершілікке тарту мәселесі қарастырылып жатыр. Тексеру қорытындысы бойынша барлық қатысы бар тұлғалардың әрекетіне құқықтық баға беріліп, заңнамада көзделген шаралар қабылданады, – деп мәлімдеді полиция.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу