Шымкенттегі Мұхтар Әуезов атындағы университетке ұлттық мәртебе беріледі

1108

"Ұлттық" мәртебе университеттің академиялық және ғылыми беделін көтеріп, халықаралық әріптестікті кеңейтеді.

Шымкенттегі Мұхтар Әуезов атындағы университетке ұлттық мәртебе беріледі Фото: auezov.edu.kz

Бұл туралы Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Астанада өткен Стратегиялық серіктестердің III халықаралық форумында мәлімдеді, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Мемлекет басшысы форумда еліміздегі жоғары білім мен ғылымды дамыту мәселесіне тоқталып, университеттің ел тарихындағы орнына айрықша мән берді.

"Халқымыздың заңғар жазушысы Мұхтар Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университетіне “Ұлттық” мәртебе беру туралы шешім қабылдадым", – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Университет өкілдерінің мәлімдеуінше, бұл шешім оқу орнының тарихындағы маңызды белес әрі ұжымға артылған үлкен сенім.

Президенттің шешімі оқу орнының көпжылдық еңбегі мен қалыптасқан білім беру дәстүріне берілген жоғары баға саналады. Университет жылдар бойы оңтүстік өңірдің ғана емес, бүкіл елдің өндірісі, ғылымы, білімі мен қоғамдық өміріне қажет маман даярлап келеді.

Жоғары оқу орнында инженерия, ақпараттық технология, құрылыс, энергетика, ауыл шаруашылығы, экономика, құқық, педагогика және гуманитарлық ғылымдар бағытында білім беріледі. Ғалымдар өндірістік кәсіпорындармен бірлесіп зерттеу жүргізіп, ғылыми әзірлемелерді тәжірибеге енгізу бағытында жұмыс істейді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу