Шымкенттен Кутаисиге бет алған ұшақ әуежайға оралуға мәжбүр болды

442

Әуе кемесіндегі жолаушы есінен танып қалған.

Шымкенттен Кутаисиге бет алған ұшақ әуежайға оралуға мәжбүр болды Фото: nur.kz

FlyArystan компаниясының "Шымкент-Кутаиси" бағыты бойынша KC7407 рейсін орындаған әуе кемесі ұшу кезінде Шымкент әуежайына қайта оралды, деп жазады inbusiness.kz. әуе компаниясының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Мұндай шешімнің қабылдануына ұшақта есінен танған жолаушының жағдайы себеп болған. 

Ақпаратқа сәйкес, оқиға 8 маусым күні сағат 07:09-да болды. 

"Әуекомпания бортсеріктері дереу дәрігерлер (сертификатталған халықаралық дәрігерлер қауымдастығының) көмегіне жүгінді. Мамандардың ұсынысы бойынша жолаушыға жердегі шұғыл медициналық көмек қажет болды. Қазір жолаушы жедел жәрдем қызметіне тапсырылды", - делінген хабарламада.

Әуе компаниясы авиациялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету бойынша қажетті рәсімдерді орындалғаннан кейін "Шымкент-Кутаиси" бағытында ұшу жоспарланып отырғанын жеткізді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу