Шымкенттен шыққан 54 жолаушы мінген автобус аударылып қалды

552

Жол-көлік апатынан жеті адам зардап шеккен. Бір адам ауруханаға жеткізілді. 

Шымкенттен шыққан 54 жолаушы мінген автобус аударылып қалды Фото: t.me/mchs_altkray

Ресейде Неміс ұлттық округіне қарасты Гришковка ауылы маңында Шымкент-Новосибирск бағытымен келе жатқан жолаушылар автобусы аударылып қалды.

Оқиғаға автобус жүргізушісі тізгінге ие бола алмай қалуы себеп болған. Автобуста 56 адам болған - екі жүргізуші және 54 жолаушы, оның ішінде үш бала.

Автобус тек аударылған болмаса, жүріп тұр. Оны жүргізушілер Қазақстанға алып кетті. Ал жолаушыларды межелі жеріне жеткізу үшін басқа автобус берілді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу