Шымкенттік аналар бір реттік әлеуметтік төлем алды

451

Шымкенттік көпбалалы аналарға Халықаралық әйелдер күніне орай бір реттік төлем тағайындалды.

Шымкенттік аналар бір реттік әлеуметтік төлем алды Фото: egemen.kz

Бұл туралы inbusiness.kz қала әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.

Қаржылай көмек алтыдан жоғары бала тәрбиелеп отырған әйелдерге берілді.

Шымкент қаласы мәслихатының шешіміне сәйкеc, Шымкент қаласының Жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасы тарапынан жыл сайын көпбалалы аналарға жергілікті бюджет есебінен мереке күндерге орай бір реттік әлеуметтік көмек төленеді.

Бүгінде қалада көпбалалы аналар саны – 57 488, оның ішінде "Алтын алқа", "Күміс алқа" белгілерімен, "Батыр ана" атағын алған, сондай-ақ, I және II дәрежелі "Ана даңқы" ордендерімен марапатталған – 11 673 анаға 17 250 теңгеден төленеді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу