Шымкенттің бас сәулетшісі ұсталды

554

Арман Әбдешов бұл лауазымға биыл ақпанда қала әкімінің орынбасары қызметіне Руслан Берденов тағайындалған уақытта келген.

Шымкенттің бас сәулетшісі ұсталды Фото: dknews.kz

Шымкент қаласының сәулет және қала құрылысы басқармасының басшысы Арман Әбдешов жұмыс кабинетінде ұсталды, деп жазады inbusiness.kz сайты.

ҰҚК дерегіне сүйенсек, оған Қылмыстық кодекстің 189-бабы, 4-бөлігі ("Сеніп тапсырылған бөтеннің мүлкін иемдену немесе талан-таражға салу") бойынша айып тағылған.

Шенді қазіргі уақытта уақытша ұстау изоляторына қамалған. Қылмыстық істі Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет тергеп жатыр.

Айта кетерлігі, бұл ұсталу оқиғасы әкім орынбасарына қастандық жасау ісі бойынша өтіп жатқан даулы сот процесімен тұспа-тұс келді. Ол істің басты айыпталушысы – әкімдікке қарасты "Тұрғын үй Шымкент" компаниясының директоры Ернар Жиенбай. Қазір аталған компанияда аудит жүргізіліп жатыр.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу