Шымкенттің миллионыншы тұрғыны дүниеге келген отбасыға үй берілді

868

Шымкенттің миллионыншы тұрғыны дүниеге келген отбасыға үй берілді

Бүгін ОҚО әкімі Жансейіт Түймебаев пен қала әкімі Нұрлан Сауранбаев Шымкент қаласының 1 миллионыншы тұрғыны дүниеге келген Еламановтар отбасын құттықтап, жас отбасыға 2 бөлмелі пәтердің кілтін табыс етті, деп хабарлайды өңір әкімінің баспасөз қызметі.

Бүгін 22 жастағы жас отбасының бірінші перзенті Еламанова Айсұлу миллионыншы тұрғын атанып отыр. Нәрестенің ата-анасы мұндай тарихи сәт біздің отбасымызға бұйырғанына қуанышты екендерін жеткізіп, еліміздің дамуына өз үлесін қосатын білікті азаматша етіп тәрбиелеуге бар күш-жігерлерін жұмсайтындарын айтуда.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу