Шымкенттің такси паркінен өрт шықты

1286

Күшті өртке қарсы өрт сөндірушілердің он шақты арнайы техникасы тартылған.  

Шымкенттің такси паркінен өрт шықты

Тілсіз жаудың неден тұтанғаны әзірге белгісіз. Десе де, осы аумақтың тұрғындары "түстен кейін өртене бастады" дейді. Арадан қанша сағат өтсе де такси паркінің қоймаларындағы күшті өртті төтеншеліктер әлі ауыздықтай алар емес. Қас қарая төбесі жабық қоймалардың шатыры балқи бастаған. Өрт сөндірушілерден тілсіз жауға оранған аумақ көлемін білу мүмкін болмай тұр. Өйткені, өрт шыққан ғимарат маңында орналасқан көшпелі штабқа тілшімізді полицейлер өткізбей қойған. Қосымша ақпаратты оқиға орнында жүрген тілшіміз баяндайтын болады.

Арай Есенбек

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу