Шынар Ақпарова 1972 жылы Қарағанды облысында дүниеге келген. Целиноград қаржы-экономикалық техникумын, Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетін және Қазтұтынуодағы Қарағанды экономикалық университетін тәмамдаған.
Еңбек жолын 2001 жылы білім беру саласынан бастап, орыс тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі, директордың тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасары қызметтерін атқарған.
2010 жылдан бастап әдіскер, аға әдіскер, жетекші және бас маман ретінде білім беру саласындағы түрлі құрылымдарда жұмыс істеді. 2018–2020 жылдары Қарағанды облысы Білім саласындағы бақылау департаментінің Білім сапасын сырттай бағалау бөлімін басқарды.
2020–2023 жылдары Қарағанды облысы Білім саласындағы сапаны қамтамасыз ету департаменті басшысының орынбасары, ал 2023–2025 жылдары осы департаменттің басшысы болды.
2025 жылы Оқу-ағарту министрлігі Білім саласындағы сапаны қамтамасыз ету комитеті төрағасының орынбасары қызметін атқарды.
2025 жылдың қарашасынан бері Оқу-ағарту вице-министрі қызметінде болған Шынар Ақпарова енді министрліктің бірінші вице-министрі міндетін атқарады.