"Шындыққа жанаспайды": Экология министрлігі қар барысының күрт азайғанын жоққа шығарды

292

Орман шаруашылығы комитеті аталған ақпараттың дұрыс берілмегенін айтты.

"Шындыққа жанаспайды": Экология министрлігі қар барысының күрт азайғанын жоққа шығарды Фото: globallookpress.com

ҚР Экология жіне табиғи ресуртар министрлігінің Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті елімізде қар барысының екі есеге азайып кеткені туралы ақпараттың шындыққа жанаспайтынын мәлімдеді, деп хабарлайды Inbusiness.kz сайты.

Орман шаруашылығы комитеті аталған ақпараттың дұрыс берілмегенін айтты. 

"Зоология институтының санағына сәйкес Қазақстандағы қар барыстарының саны, бүгінгі күні, 180 дарақтан асқан", - делінген комитет хабарламасында. 

Айта кетейік, БҰҰ-ның Қазақстандағы Даму бағдарламасының және ҚР Экология және табиғи ресурстар министрлігінің Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің қар барысын сақтау жөніндегі ауқымды бастамасы бойынша 10 қар барысына спутниктік таратқыштар орнатылған.

Бұған дейін Energyprom.kz агенттігі Қазақстанда небәрі 99 ілбіс бар екені, ал бұдан бес жыл бұрын республикадағы қар барысының саны 223 бас болғанын жазған болатын.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу