Қосшы қаласында жаңа жылдық шырша сатып алу оқиғасы алаяқтық дерегімен аяқталды.
Сатушы тауардың сапалы екенін және тез жеткізілетінін уәде еткен. Хат алмасудан кейін әйел алдын ала төлем ретінде 160 мың теңге аударған.
Алайда кейін сатып алудан бас тартып, ақшасын қайтармақ болғанда сатушы байланысқа шықпай қойған. Нәтижесінде қаражат кері қайтарылмаған. Аталған факті бойынша "Алаяқтық" бабы бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды.
Полиция қызметкерлері күдіктіні анықтау жұмыстарын жүргізіп жатыр және азаматтарды мереке қарсаңындағы қарбаласта сақ болуға шақырады. Құқық қорғау органдары белгісіз сатушыларға ақша аудармауға, мүмкіндігінше қайтарым кепілдігі бар ресми дүкендердің қызметін пайдалануға кеңес береді.