Қорғаныс министрлігінің басшылығы ШЫҰ-ға мүше мемлекеттері қорғаныс министрлерінің отырысына қатысты, деп хабарлайды министрліктің баспасөз қызметі.
ШЫҰ шеңберінде Қырғызстан президенті Сооронбай Жээнбеков ұйымға мүше мемлекеттер қорғаныс ведомстволарының басшыларын қабылдады. Отырыс барысында ШЫҰ-ға мүше мемлекеттердің министрлері әрі қарайғы өзара іс-қимыл, қауіпсіздік аясындағы ынтымақтастықты нығайту мәселелерін талқылады, сондай-ақ халықаралық және өңірлік күн тәртібінің өзекті мәселелері бойынша пікір алмасты.
2020-2031 жылдарға арналған ШЫҰ-ға мүше мемлекеттері қорғаныс министрліктерінің ынтымақтастық жоспары бекітілді және бірлескен әскери оқу-жаттығуларды өткізу туралы Шанхай ынтымақтастық ұйымына мүше мемлекеттері арасындағы келісімге өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы хаттамаға қол қойылды.