Шығыс Қазақстан облысында қар көшкіні түсірілді

247

Жолаушылардың қауіпсіздігі мақсатында "Өскемен-Алтай" автожолында профилактикалық түсулер уақтылы жүргізілді.   

Шығыс Қазақстан облысында қар көшкіні түсірілді Фото: Видеодан скриншот

Шығыс Қазақстан облысында жасанды жолмен қар көшкіні түсірілді, деп жазады inbusiness.kz сайты.

"Қазселденқорғау" ШҚ филиалы бақылаушыларының деректері бойынша Алтай ауданының тауларында қардың биіктігі шамамен 45-50 сантиметрге жеткен.

– Қар көшкінін бастауға бағытталған іс-шаралар Сығылған ауа немесе газ-ауа қоспасының жарылыстары арқылы қар массаларына әсер етуге мүмкіндік береді. Нәтижесінде 3 түсу жүргізіліп, 2466 текше метр қар түсті, – деді ҚР ТЖМ "Қазселденқорғау" ШҚ филиалының басшысы Ербол Бекпаев.

ШҚО ТЖД және ҚР ТЖМ Қазселденқорғау филиалының ШҚ мамандары таулардағы демалыс әуесқойларына сақтық шараларын сақтау керектігін ескертеді. Қар көшкіні адамның шуы мен айқайынан шығуы бек мүмкін.

Құтқарушылар тұрғындарға жолдардың жай-күйін "Дәрмен" мобильді қосымшасы арқылы біліп отыруға кеңес береді.

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу