Си Цзиньпин "ең нашар сценарийге" дайындала беруге шақырды

752

Си Цзиньпин Қытайдың қазіргі кезде ұлттық қауіпсіздік мәселелерінің күрделілігі мен қиындығы "өскенін" мәлімдеді.

Си Цзиньпин "ең нашар сценарийге" дайындала беруге шақырды Фото: BBC

Қытай төрағасы Си Цзиньпин ұлттық қауіпсіздік саласындағы жоғары лауазымды тұлғаларды "ең нашар сценарийге" дайындала беруге шақырды, деп хабарлайды inbusiness.kz CNN арнасына сілтеме жасап.

"Біз ең нашар және төтенше сценарийлерге, қатты жел, толқын және тіпті қауіпті дауылдың ауыр сынағына төтеп беруге дайын болуымыз керек"", - деді Қытай басшысы Қытай Коммунистік партиясы Орталық Комитеттің Қауіпсіздік комиссиясының отырысында.

Си Цзиньпин Қытайдың "шынайы ұрыс пен іс жүзінде пайдаланудағы тиімділікті арттыруға назар аудара отырып, өзінің ұлттық қауіпсіздік жүйесін жаңғыртуды тездету керек" деді.

CNN мәліметінше, Си Цзиньпиннің үндеуі Бейжің "қиын-қыстау экономикадан бастап Қытай көшбасшысы барған сайын дұшпандық тудыратын халықаралық ортадағы қиындықтармен бетпе-бет келіп тұрған кезде жасалынды".

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу