Атышулы істе аты аталғандардың қатарында Қытай Орталық әскери кеңесі төрағасының орынбасары Чжан Юся мен ОӘК Біріккен штабының бастығы, генерал Лю Чжэньли бар, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты DW агенттігіне сілтеме жасап.
The Washington Post басылымының жазуынша, Қытайдағы ең жоғары әскери лауазым иесі саналатын Чжанның қызметтен шеттетілуі Қытай төрағасы Си Цзиньпиннің қолында әскери билік шоғырланады дегенді білдіреді. Financial Times газеті әскердегі жемқорлыққа қарсы тергеулерге байланысты Орталық әскери кеңесте Қарулы күштерді басқаратын бар болғаны екі адам ғана қалғанын жазады. Олардың бірі – Қытайдың қазіргі президенті Си Цзиньпин. Журналистер Орталық әскери кеңес тарихында бұл бұрын-соңды болмаған жағдай деп отыр.
75 жастағы Чжан Юся – елдегі ең жоғары шенді генерал әрі Қытай Коммунистік партиясының 24 мүшеден тұратын Саяси бюросының мүшесі.
Қазан айында Қытай билігі әскер қатарындағы 9 өкілге жемқорлық күдігі бойынша тергеу бастады. Нәтижесінде екі жоғары лауазымды генерал қызметінен босатылды.