Си Цзиньпинь Мәскеуге 22-23 наурыз аралығында келеді

877

Қытай Халық Республикасының Төрағасы Си Цзиньпин 20-22 Наурызда Ресейге барады. 

Си Цзиньпинь Мәскеуге 22-23 наурыз аралығында келеді Фото: cdn.iz.ru

Сапар Ресей президенті Владимир Путиннің шақыруымен ұйымдастырылады, деп хабарлайды inbusiness.kz Кремль баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

ҚХР көшбасшысымен келіссөздер барысында Ресей мен Қытай арасындағы жан-жақты серіктестік пен стратегиялық өзара іс-қимыл қатынастарын дамыту мәселелері талқыланады. Халықаралық аренада Ресей-Қытай ынтымақтастығын тереңдету аясында пікір алмасу жоспарланған.

"Бірқатар маңызды екіжақты құжаттарға қол қойылады", — делінген баспасөз қызметі хабарламасында.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу