Си Цзиньпин Мәскеуге ұшып келді

513

Қытай президентінің ұшағы Мәскеудің Внуково-2 әуежайына қонды.  

Си Цзиньпин Мәскеуге ұшып келді Фото: eadaily.com

Си Цзиньпин Путинмен келіссөздер жүргізу үшін Мәскеуге ұшып барды, деп хабарлайды inbusiness.kz.

Келіссөздер сейсенбі күні басталады. Бірақ, көшбасшылар дүйсенбіде бейресми тілдесті.

"Путин мен Си Цзиньпин арасында тікелей және өте маңызды байланыс болады", - деді Кремль өкілі Дмитрий Песков.

Айта кетейік, кеше кешкісін Қытайдың "Жэньминь жибао" газетінде Ресей президенті Владимир Путиннің мақаласы жарияланды. Дәл сол уақытта Қытай президенті Си Цзиньпиннің де Мәскеу мен Пекин арасындағы байланыс, Ресей мен Украина арасындағы соғыс туралы мақаласы жарық көрді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу