Си Цзиньпин мен Байден онлайн кездесу өткізді

790

Бұл – Байденнің АҚШ президенті болып сайланғаннан бері Си Цзиньпинмен алғашқы мәрте ресми кездесуі.

Си Цзиньпин мен Байден онлайн кездесу өткізді Фото: reuters.com

ҚХР Төрағасы Си Цзиньпин мен АҚШ президенті Джо Байден бейнеконференция режиміндегі кездесу барысында екі ел қарым-қатынасының стратегиялық мәселелерін талқылады, деп хабарлайды Inbusiness.kz америкалық БАҚ-қа сілтеме жасап. 

Тараптар қос мемлекет қарым-қатынасын дамытудың стратегиялық, өзекті мәселелері, сондай-ақ өзара қызығушылық тудыратын маңызды мәселелер бойынша пікір алмасты.

Қос көшбасшының онлайн кездесуі екі бөлімнен тұрды. Біріншісі шамамен 1 сағат 56 минутқа созылып, тараптар үзіліске кетті. Кездесудің екінші бөлімі Бейжің уақытымен 11:06-да басталып, олар шамамен 1 сағат 18 минуттай сөйлесті. Жалпы алғанда, екі көшбасшының келіссөздері шамамен 3 сағат 14 минутқа созылды.

Бұл – Байденнің АҚШ президенті болып сайланғаннан бері Си Цзиньпинмен алғашқы мәрте ресми кездесуі. Бұрын олар хабарламалар алмасып, телефон арқылы сөйлесетін. 

Табиғат Нұрболат

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу