Си Цзиньпин Путинмен кездесіп, артынша Зеленскиймен келіссөз өткізбек

1386

The Wall Street Journalдың хабарлауынша, бұл қытай жетекшісінің Ресей-Украина қақтығысы басталғалы Украиналық әріптесімен алғашқы әңгімесі болмақ. 

Си Цзиньпин Путинмен кездесіп, артынша Зеленскиймен келіссөз өткізбек Фото: РИА новости

Қытай халық республикасының төрағасы Си Цзиньпин алдағы аптада Владимир Путинмен кездесіп, одан соң Украина президенті Владимир Зеленскиймен видеобайланыс арқылы келіссөз өткізбек.

Осылайша Пекин аралары әбден ушыққан қос тарапқа дәнекер болмақ. Бұған дейін Қытай Украина қақтығысын шешудің 12 пункттен тұратын жоспарын ұсынған. Елдің сыртқы істер министрі Цинь Ган бұл соғысты тек бейбіт келісім арқылы және 2 жақтың мүдделерін ескеру арқылы ғана шешуге болады деп мәлімдеген.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу