Си Цзиньпинь Зеленскиймен кездесуі мүмкін бе?

970

Дүйсенбіде The Wall Street Journal өзінің дереккөздерге сілтеме жасай отырып, Си Цзиньпиннің Зеленскиймен онлайн келіссөздер жүргізуді жоспарлағанын хабарлады.  

Си Цзиньпинь Зеленскиймен кездесуі мүмкін бе? Фото: img6.eadaily.com

Алайда ҚХР СІМ қытайлық көшбасшы Си Цзиньпиннің Украина президенті Владимир Зеленскиймен онлайн-кездесуін өткізу жоспарларының бар екенін растап не жоққа шығарған жоқ, деп жазады inbusiness.kz.

Брифингте журналистің тиісті сұрағына жауап беру барысында ҚХР СІМ ресми өкілі Ван Вэньбинь нақты ақпарат берген жоқ.

"Мен сіздің сұрағыңызға үш жақты қарастыра жауап бергім келеді. Біріншіден, Қытай мен Ресей барлық деңгейлерде тығыз байланыста, мен сіздерге бұл туралы [Си Цзиньпин мен Путиннің кездесуі] нақты ештеңе айта алмаймын. Екіншіден, Қытайдың Украина дағдарысындағы ұстанымы айқын, біз [қақтығыстың] барлық тараптарымен байланыстамыз. Үшіншіден, Қытай үнемі бүкіл әлемде бейбітшілікті сақтау мен жалпы дамуға ықпал ету бойынша сыртқы саясатты ұстанып келеді", - деді дипломат.

Дүйсенбіде The Wall Street Journal өзінің дереккөздерге сілтеме жасай отырып, Си Цзиньпиннің Зеленскиймен онлайн келіссөздер жүргізуді жоспарлағанын хабарлады. Басылымның хабарлауынша, келесі аптада Қытай көшбасшысы Мәскеуге барып, Путинмен кездесіп, содан кейін Украина басшысымен сөйлеседі деп күтілуде.

Сонымен қатар, Қытай СІМ ресми өкілі Ван Вэньбин журналистерге арналған брифингте ҚХР Төрағасы Си Цзиньпиннің келесі аптада Ресейге іс-сапармен баратыны туралы БАҚ хабарламасын растаған жоқ.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу