Сібір таутекесін атқан екі испаниялық азамат ұсталды

623

Браконьерлер Жоңғар-Алатау паркінің мемлекеттік инспекторларының рейді кезінде қолға түскен.

Сібір таутекесін атқан екі испаниялық азамат ұсталды

Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің баспасөз қызметінің хабарлауынша, шетелдіктерден басқа Қазақстан азаматы да болған.

"2 тамыз кешкі сағат 19:30 шамасында Жоңғар-Алатау паркінің мемлекеттік инспекторларының кезекті рейд барысында, Тоқты мемлекеттік табиғи қаумалы аумағынан "Toyota Land Cruiser Prado" маркалы автокөлік тоқтатылып, ішінде болған ҚР азаматы және екі испан азаматтары ұсталды. Көлікті тінту барысында жүк салу бөлігінен 2 дана Сібір таутекелерінің бастары терісімен және екі қапқа салынған салмағы 60-62 кг еттері, сондай-ақ екі шет ел азаматына тиесілі екі қару құралдары, маркасы Mannlicher, екіншісі Блейзер тәркіленді", – деп жазылған хабарламада.

Аталған факті бойынша тергеп тексеру амалдарын жүргізу үшін Жетісу облысы Алакөл аудандық полиция бөліміне жіберілген.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу