Қазақстандық ерлі-зайыпты Австралияда казиноны алдады деген күдікке ілінді

Олар "1 миллион доллардан аса қаражатты алаяқтық жолмен ұтып алды" деген күдікке ілікті.   

Қазақстандық ерлі-зайыпты Австралияда казиноны алдады деген күдікке ілінді Фото: theguardian.com

Ерлі-зайыптылардың казиноға жақын маңдағы пәтерін тінту кезінде құмар ойынға қатысты заттар, зергерлік бұйымдар және 2000 еуро қолма-қол ақша табылған, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Қазақстандық отбасы қыркүйекте ғана Сиднейге табан тіреген. Дильнозе – 36, Алишерходжа – 44 жаста. Содан соң олар Crown Sydney казиносына тіркеліп, ірі-ірі сомаларды жиі ұта бастаған. 2 айда казинодан 1,18 млн доллар пайда тапқан.

27 қараша күні казино күзеті әйелдің киімінен күмән тудырған детальды, яғни Микки Маус суреті бар футболкаға жасырылған кішкентай камераны байқаған. Бейне біреудің телефонына онлайн түрде жіберіліп, іске үшінші адам да белсене кіріскені айтылады. Осылайша, оқиға орнына жедел полиция шақырылып, ерлі-зайыптылар ұсталады.

Тексеруде қазақстандық отбасыдан түрлі техникалық құрал табылып отыр. Олар – шағын датчиктер, батареялар, жасырын түсірілімге арналған бекіткіші бар телефон, айнаша тәрізді ілгіш және құлақ жолының тереңіне тығылған құлаққаптар.

Қазақстандық отбасының тағы әлемнің өзге қандай казиноларын алдап үлгергенін тергеу анықтамақ. Оларға алаяқтық бабы бойынша 10 жылға дейін бас бостандығынан айырылу қаупі төніп тұр.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу