SIGI индексі: Қазақстанда отбасылық кемсітушілік деңгейі төмен

426

Жалпы зерттеуге барлығы 179 ел қатысқан.  

SIGI индексі: Қазақстанда отбасылық кемсітушілік деңгейі төмен Фото: egemen.kz

Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымы Әлеуметтік институттар мен гендерлік индекстің (SIGI) 5-басылымын жариялады, деп хабарлайды inbusiness.kz.

SIGI индексі бойынша Қазақстан кемсіту деңгейі төмен ел ретінде бағаланды (22%).

2019 жылы да рейтинг 22% болған еді.

"2023 жылы SIGI индексінің "Отбасындағы кемсіту деңгейі" субиндексі бойынша Қазақстанның позициясы 15%-ға (2019 жылы – 22%) айтарлықтай жақсарған. Сарапшы мамандардың айтуынша, бұл - жақсы көрсеткіш. Себебі Орталық Азия бойынша орташа көрсеткіш 22% болып отыр", - делінген Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің хабарламасында.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу