СІМ бұрынғы жауапты хатшысы 2 жылға сотталды

656

Экс-шенеунік елшілік ғимаратына бөлінген қаржыны жымқырды деп айыпталған.

СІМ бұрынғы жауапты хатшысы 2 жылға сотталды

Сырты істер министрлігінің бұрынғы жауапты хатшысы Анарбек Қарашев 2 жылға сотталды. Нұр-Сұлтан қалалық соты осындай үкім шығарды, деп хабарлайды Atameken Business.

Екі жыл бұрын, аталмыш ведомстваның басшылық лауазымындағы Сәкенова, Нұрекенов және Жұмасанованың кәсіпкерлерден 20 млн теңге пара алғаны әшкере болған. Жымысқы әрекетті жасыру үшін шенділер Қарашевке жүйелі түрде 10 млн теңге беріп отырған. Жауапты хатшы жемқорлықпен қолға түскенімен, прокурор оның іс-әрекетін билігін теріс пайдаланды деп көрсеткен.

Қылмысқа қатысы бар Қазақстанның Өзбекстандағы бұрынғы елшісі Ерік Өтембаев та қамауға алынған.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу