СІМ "қазақстандық немістің" өліміне қатысты түсініктеме берді (Видео)

956

Бас консулдыққа берілген неміс полициясының мәліметі бойынша, қайтыс болған адамның Қазақстанға мүлдем қатысы жоқ.    

СІМ "қазақстандық немістің" өліміне қатысты түсініктеме берді (Видео)

Сыртқы істер министрлігі БАҚ-тарда жазылған қазақстандық немістің өліміне қатысты ақпаратқа түсініктеме берді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Франкфурте-на-Майнедегі бас консулдыққа берілген неміс полициясының ақпары бойынша, қайтыс болған адамның Қазақстанға мүлдем қатысы жоқ. Яғни таралған ақпараттарда айтылғандай, құрбан болған адамның Қазақстанның тумасы екені жалған.

Айта кетсек, қылмыс туралы Mash Telegram-арнасында хабарланды. Сүрияның 28 жасар босқыны 36 жасар немісті қылыштап тастаған. Аталмыш оқиға Штутгарт қаласындағы көшелердің бірінде болған. Босқын ұшақтың көмегімен ұсталған.    

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу