СІМ Ресей және Өзбекстанмен үшжақты газ одағын құру идеясына түсініктеме берді

Бұл мұқият зерттелуі керек мәселе. 

СІМ Ресей және Өзбекстанмен үшжақты газ одағын құру идеясына түсініктеме берді Фото: inbusiness.kz

Мәжіліс алаңында ҚР Сыртқы істер министрінің орынбасары Роман Василенко журналистердің үшжақты газ одағын құру мүмкіндігі туралы сұрақтарына жауап берді, деп хабарлайды inbusiness.kz.

"Оны талқылауға әлі ерте, өйткені әзірге бұл идея. Мемлекет басшысы бұл идеяны мұқият зерделеу керек екенін айтты. Дипломатияда көптеген идеялар айтылады, сондықтан олар белгілі бір мемлекеттік шешім қабылданбай тұрып мамандардың мұқият зерттеуінен өтеді. Сондықтан, Мемлекет басшысы айтқандай, бұл идеяны сарапшылар зерделейді және шешім қабылдамас бұрын өзі де зерттейтін болады", – деді Сыртқы істер министрінің орынбасары.

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу