Синдзо Абэны жерлеу рәсіміне 1,8 миллион доллар жұмсалады

551

Шара 27 қыркүйекте өтеді.

Синдзо Абэны жерлеу рәсіміне 1,8 миллион доллар жұмсалады

Жапонияның бұрынғы Премьер-Министрі Синдзо Абэны жерлеу рәсімін өткізуге арналған бюджет бекітілді. Оған 250 миллион иен (шамамен 1,8 миллион доллар) шығындалады, деп хабарлайды inbusiness.kz жергілікті БАҚ-қа сілтеме жасап. 

Қаражаттың басым бөлігі Токиодағы "Будокан" аренасын жалға алуға жұмсалады. Сонымен қатар коронавирусқа қарсы шаралар және қонақтарды көлікпен тасымалдау үшін де қаражат бөлінеді. 

Болжам бойынша, мемлекеттік жерлеу рәсіміне шамамен 6,4 мың адам қатыспақ. Оған Франция Президенті Эммануэль Макрон, АҚШ-тың вице-президенті Камала Харрис, АҚШ-тың экс-президенті Барак Обама, Оңтүстік Корея Премьер-Министрі Хан Док Су, ГФР-дың бұрынғы канцлері Ангела Меркель, Халықаралық Олимпиада комитетінің басшысы Томас Бах барады.

Рәсім 27 қыркүйекте өтеді. 12 шілдеде Токиодағы Дзодзедзи ғибадатханасында отбасы мүшелері, жақын достары мен жақтастарына арналған буддистік жерлеу рәсімі өткен болатын.

Табиғат Нұрболат

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу