Сингапур билігі халыққа көмектесу үшін 417 миллион доллар бөледі

716

Әр отбасыға шамамен 100 сингапурлық доллар беріледі.

Сингапур билігі халыққа көмектесу үшін 417 миллион доллар бөледі Фото: reuters.com

Сингапур үкіметі 2022 жылы әлемдік инфляция салдарынан бағаның өсуіне байланысты жергілікті халыққа көмек ретінде 560 млн сингапурлық доллар ($417 млн) бөледі, деп хабарлайды inbusiness.kz елдің қаржы министрі Лоуренс Вонның мәлімдемесіне сілтеме жасап. 

"Біз азаматтар мен кәсіпорындардың мәселелерін түсінеміз. Осы орайда  бюджеттен 560 млн сингапурлық доллар көлемінде қаражат бөлінеді. Бұл қаражат инфляция жағдайында көмек көрсетуге бағытталған", – деді ведомство басшысы.

Әр отбасыға шамамен 100 сингапурлық доллар беріледі. Сонымен қатар 21-ге толмаған жастарға  200 сингапурлық доллар ($150) үлестіріледі. Бұл сома арнайы шотқа аударылады.

Ескере кететін жайт, соңғы екі жылда жергілікті үкімет пандемия кезінде енгізілген шектеулерге байланысты халық пен бизнесті қолдауға шамамен 100 миллиард сингапурлық (75 миллиард доллар)  доллар шығындады. "Осы шараның арқасында жұмыссыздық деңгейі қазір 3,2%-ды құрайды, бұл пандемияға дейінгі кезеңмен бірдей", – деді Вон.

Табиғат Нұрболат

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу