Сингапур экономикасы 2021 жылы 7%-ға өсуі мүмкін

1204

Бұл елдің экономикасы қарқынды түрде оңалып келеді. 

Сингапур экономикасы 2021 жылы 7%-ға өсуі мүмкін

Сингапурдың сауда және өнеркәсіп министрлігі елдің ЖІӨ биыл 6-7%-ға өседі деп отыр, деп хабарлайды Inbusiness.kz ведомство мәлімдемесіне сілтеме жасап. Бұған дейін 4-6%-ға артады деген болжам айтылған болатын. 

Министрліктің хабарлауынша, Сингапурда індетке қатысты жағдай тұрақтанды. Вакцинацияның қарқынды түрде жүргізілуі мен елге кіруге салынған тыйымның алынып тасталуы экономиканы қалпына келтіруге және мигранттарға тәуелді кәсіпорындардағы жұмыс күшінің жетіспеушілігін азайтуға ықпал етпек.

2021 жылдың сәуір және маусым айларында Сингапур экономикасы өткен жылдың дәл осы кезеңімен салыстырғанда 14,7%-ға өсті. Өнеркәсіп секторы екінші тоқсанда 17,7%-ға, құрылыс секторы 106,2%-ға артты. Бөлшек сауда секторы 50,7%-ға, көтерме сауда секторы 2,9%-ға ұлғайды.

Мұндай динамикаға жаһандық сұраныстың артуы және шектеулердің қысқаруы әсер етіп отыр. Сарапшылардың болжамынша, егер алдағы уақытта жаһандық құлдырау болмаса, Сингапур экономикасы пандемия басталғанға дейінгі көрсеткіштерге жетуі әбден мүмкін.  

Табиғат Нұрболат

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу