Сингапур компаниясы Қазақстан, Ресей мен Беларуссиядағы бизнесін сатты

616

"Global Fashion Group" аталатын сингапурлық компания Lamoda онлайн-ретейлерін сату бойынша келісім-шарттың аяқталғанын жария етті, деп жазады inbusiness.kz компания таратқан ақпаратқа сілтеме жасап.

Сингапур компаниясы Қазақстан, Ресей мен Беларуссиядағы бизнесін сатты Фото: ulysmedia.kz

"GFG компаниясы Lamoda бизнесін Бөлшек сән инвесторы Яков Панченкоға сатуы сәтті аяқталды. GFG 2022 жылдың 30 қыркүйегіндегі жағдай бойынша Lamoda бизнесіндегі ақшаға қосымша 95 миллион еуро (операциялық шығындарды шегергенде) табыс тапты",- делінген ақпаратта.

Геосаяси жағдайға байланысты Lamoda Укринадан тапсырыс қабылдауды тоқтатқан болатын. Кейінірек GFG компаниясы Lamoda-ның дамуына қаражат салуды тоқтатты. Кейбір деректерге сәйкес, 2021 жылы компанияның аталған үш елдегі айналымы 862 млн еуроға жеткен.

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу