Сингапур президенті өз өкілеттігінен бас тартты

867

Сингапур президенті  өз өкілеттігінен бас тартты

Сингапур президенті Тони Тан бейсенбі күні ең жоғарғы мемлекеттік билікте алты жыл қызмет еткеннен кейін ресми түрде өз өкілеттігінен бас тартты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Жаңа мемлекет басшысының сайлауы 23 қыркүйек күні өтеді, оған үш үміткер қатысады. 77 жастағы саясаткер Сингапурдың жаңа тарихындағы жетінші президент болды. Ол 2011 жылы өткен сайлауда жеңіп шыққан еді.

Тони Тан түрлі жылдары вице-премьер, қорғаныс министрі,мемлекеттік инвестициялық корпорацияның атқарушы директоры (GIC) болған еді. Ел конституциясына сәйкес, президенттің билігі шектеулі, ал мемлекетті іс жүзінде премьер-министр басқарады. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу